Вячеслав Ким Jusan Bank-тың 97,5% акциясын сатып алуға өтініш берді
Вячеслав Ким Агенттікке Jusan Bank-тың 97,5% акциясын сатып алу үшін өтініш бергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank-тың 97,5% акциясын сатып алу үшін өтініш бердім. Қазіргі уақытта бұл өтініш Агенттіктің қарауында. Регулятор өтінішті мұқият зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Айта кетейін, бұл мәміле Kaspi.kz компаниясына ешқандай қатысы жоқ, - деген Вячеслав Кимнің мәлімдемесін Kaspi.kz баспасөз қызметі таратты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақмола облысында көлік қозғалысы ашылды
Өзгелердің жаңалығы