ВВС телеарнасы Шығыс Қазақстанның табиғатын таспаға түсіріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ВВС телеарнасы Шығыс Қазақстанның табиғатын таспаға басып жатыр. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
Түсірілім тобы қазіргі уақытта Халифа Алтай мешіті, Даңқ мемориалы сынды бірнеше кешен мен Ертіс, Үлбі өзендері маңын аралап шықты.
Енді Батыс Алтай қорығы, Катонқарағай ұлттық паркі, Мұзтау, Марқакөл қорығы, Марқакөл, Қиын-Керіш шатқалы сынды табиғаты таңғажайып мекендерге бармақ.
Өздерінің айтуынша, видео Шығыс Қазақстанның туристік әл-ауқатын көрсету мақсатында түсіріліп жатыр. Ал түсірлім жұмысы 12 тамызға дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы