Бүгiн 2026, 12:19 Фото: bbc.com

Вучич қызметінен кететінін мәлімдеп, мерзімінен бұрын сайлау өтетінін жариялады

Сербия президенті шешімін студенттердің жаппай наразылық акциялары күшейген тұста жариялады.

Сербия президенті Александр Вучич алдағы бірнеше апта ішінде қызметінен кетіп, мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өткізуді бастамашылық ететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Белградта өткен ауқымды митинг кезінде айттыү

Бұл туралы PinkTV телеарнасы мәлімдеді.

Мен президент қызметінде тағы бірнеше апта ғана боламын, содан кейін отставкаға кетемін, – деді Вучич 14 жылдық билігін қорытындылай отырып.

Саясаткер Белградқа Сербияның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Босния және Герцеговинадан, Черногориядан және Солтүстік Македониядан келген жақтастарына алғыс айтты.

Вучич президенттік қызметтен кету туралы шешімі билікті қандай да бір жолмен сақтап қалуға ұмтылыс емес екенін атап өтті.

Вучичтің мәлімдемесі Сербияда 2000 жылы Слободан Милошевич биліктен кеткеннен бергі ең ірі үкіметке қарсы наразылық шерулері аясында жасалды.

Жаппай наразылыққа 2024 жылдың қараша айында Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға түрткі болды. Онда шатырдың опырылып құлауынан 16 адам қаза тапқан.

Студенттер, оппозиция және құқық қорғау ұйымдары бұл апатты жемқорлық пен мемлекеттік құрылыс жобаларына бақылаудың тиімсіздігінің айқын көрінісі деп санайды.