Волонтерлікті дамытудың Жол картасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасын өткізу тақырыбы аясындағы брифингте Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы алдағы орта мерзімді кезеңге арналған және тұжырымдамалық қадамдарды көздейтін волонтерлікті дамытудың 2021–2023 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді. Қазір жобаны ҚР Үкіметінің Қаулысымен қабылдау күтіліп отыр, - деп айтты ол.

Жол картасында өткен жылы табысты іске асырылған жобаларды, сондай-ақ волонтерліктің жаңа бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларды одан әрі жалғастыру қарастырылған.

Президент Волонтер жылының жабылу салтанатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай жалпыұлттық деңгейде «Қайырымды істер марафонын» ұйымдастыруды ұсынды. Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпан айының басында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасын іске қосты, - деді Мадияр Қожахмет.

Комитет төрағасы марафонға қатысуға мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар, бизнес, ЖОО мен мектеп өкілдері қосылғанын айтты. Сондай-ақ, азаматтық қоғам институттары жергілікті жерлерде бастама көтеріп, игі істердің жалпыұлттық акциясына өз үлестерін қосып жатыр.

Бұл акцияның Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы министрлікпен бірге ұйымдастырып жатыр.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы