Волонтерлік қызмет туралы заң қоғам талқысына ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызметі және қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Тұжырымдамасы" жобасын жариялады.

Тұжырымдама жобасы қайырымдылық және волонтерлік саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасында, азаматтарды жүйелі қайырымдылық пен волонтерлікке үнемі қатысуға ынталандыру, қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар көзделген.

Атап айтқанда, Заң жобасы шеңберінде еңбек өтілінде волонтерлік сағаттарды есепке алу, волонтердің ең төменгі жасын 16-ға дейін төмендету, қайырымдылық жасаушыларды жанама ынталандыру тетіктері, қайырымдылық ұйымдарының мәртебесін арттыру және т. б. бойынша шаралар енгізу ұсынылады.

Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.

Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы