Волонтерлік ұлтқа, жасқа, гендерге бағынбайды – вице-министр

Мәдениет және ақпарат министрлігі Астанада «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл – халықаралық сыйлық, волонтерлікті көтерудің бір әдісі. 15 әлеуметтік маңызы бар номинация бойынша 47 ерікті марапатталды, – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров.

Ол сондай-ақ жеңімпаздар 2 саты бойынша іріктелгенін айтты. Бірінші сатысында тәуелсіз сарапшылар өтінім берген 150-ден аса еріктіні қоғамға маңызы мен әлеуметтік желідегі белсенділігіне қарап келесі кезеңге өткізді. Ал екінші сатыға өткен 105 еріктіден ашық дауыс беру арқылы 47 жеңімпаз анықталды.

Волонтерлік ұлтқа, жасқа, гендерге бағынбайды. Қазіргі кезде Қазақстан бойынша 250 мыңнан аса волонтер бар. 600-ден аса волонтерлік ұйым бар. Соңғы жылдары волонтерлар саны күннен күнге өсіп келеді, – деді вице-министр.

Айта кетейік, волонтер болғысы келетіндер барлық ақпаратты qazvolunteer.kz деген сайттан таба алады. Сайт арқылы ерікті ретінде тіркелуге, арнайы оқудан өтуге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы