Волонтер жылы: Грант ұтқандарға 300 мың теңге беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волонтёр жылы аясында "Birgemiz: Taza Alem", "Birgemiz: Asyl мura" жалпыұлттық жобалары шағын гранттар байқауын жариялады.
Байқау мақсаты – жобаларды іске асыруға еліміздің азаматтарының қатысуын көбейту, экологияға және тарихи-мәдени мұраларға қатысты жобаларды іске асыруға мүмкіндік беру.
Байқау биылғы 23 сәуір мен 23 мамыр аралығында өтеді. Конкурс аясында өздерінің волонтерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 136 жеңімпаз анықталады. Оған жеке тұлғалар, бастамашыл топтар, үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады - деп хабарлайды "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметі.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға волонтёрлік қызмет тәжірибесіне азаматтарды тарту үшін тиімді механизм мен жағымды жағдай жасау арқылы волонтерліктің жүйелі дамуына бағытталған "Birgemiz" Волонтер жылын өткізу концепциясына сай жобалар қабылданады.