Волонтер болу сізге қуаныш сыйлауы керек - сарапшы

Елордада өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумында шетелдік сарапшылар волонтер болудың маңыздылығын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Халықаралық волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» атауымен алғашқы сессия өтті. Түркі мемлекеттер ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев форумның маңыздылығына тоқталды.

Форум біз үшін күшті және тиімді волонтерлар қауымдастығын құруға көмектесетін тәжірибе, идеялар және стратегиялармен алмасудың тамаша мүмкіндігі деп айтуға болады. Волонтерлік – үлкен күш және соған сәйкес жауапкершілікті көтеруі керек. Кубанычбек Омуралиев, түркі мемлекттерінен ортақ волонтерлік «Асар» деген ұғым бар екенін айтты.

Осы жерде айта кететін жайт, түркілердің дәстүрлі мәдениетінде ерте заманнан тайпалық өзара көмек көрсетуді бейнелейтін «асар» деген ұғым бар. Бұл әдет-ғұрып біздің бауырлас халықтарымыздың өмірінде ерекше рөл атқарады. Кез келген өмірлік жағдайда біреу тамаққа, баспанаға немесе киімге шұғыл мұқтаждыққа тап болса, барлық туыстары мен достары көмекке келді,-деді Кубанычбек Омуралиев.

Ал, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори волонтер болудың маңызын айтты.

Сіз қай жерде волонтер болып қызмет етсеңіз де оның маңызы өте зор. Өйткені волонтер болу арқылы сіз адамдарға, қоғамға көмектесесіз. Волонтер болу сізге қуаныш сыйлауы керек,-деді Микаэла Фриберг-Стори.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы