Volkswagen компаниясы ұшатын көліктер құрастырмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Volkswagen ірі еуропалық автоөндірушісі Қытайда ұшатын автомобильдерді жасаудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде, деп хабарлайды REUTERS.
Басылымның мәліметінше, неміс компаниясының басшылығы «болашақтың ұтқырлығы» стратегиясы аясында Қытайда ұшатын автомобильдерді шығару мүмкіндігін талқылауда.
Қытайдағы Volkswagen компаниясының бөлімшесінің басшысы Стефан Вулленштейн Қытайда лицензия алуға болатын дрон жасағысы келетінін айтты. Оның пікірінше, бұл Volkswagen-ге болашақ нарықта орын алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Volkswagen Қытайда сертификаттауға болатын ұшқышсыз ұшақты әзірлеуде. Егер бұл орын алса, неміс концерні жаңа көлік құралын алғашқы өндірушілер мен сатушылардың бірі болады.
Бұған дейін Жапонияда ұшатын көлік сынақтан сәтті өткен еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда мейрамхана оқушылар орталығына айналды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы