Волейболдан Қазақстан командасы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Волейболдан Қазақстан командасы биылғы маусымда қандай да бір халықаралық турнирге қатыспайды. Бұл туралы волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев мәлімдеді деп жазды Olympic.kz.

Классикалық волейболдан биыл қандай да бір турнир өтпейді. Халықаралық волейбол федерациясы барлық жарыстарды келесі жылға ауыстырды. Сондықтан волейболдан құрама командалар биыл жаттығу жиынын өткізбейді. Азия волейбол конфедерациясы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын күз айларында ұйымдастыруға тырысуда. Бірақ бұл мәселенің де оң шешілетініне күмән бар. Себебі, көп мемлекеттер арасында шекара ашылмағандықтан, біраз федерация жарысқа қатысудан бас тартуда. Консулдықтар жұмысы басталмағасын, виза алу да қиын. Сондықтан біз де халықаралық жарыстарды келесі жылға қалдыруды өтініп, хат жаздық. Ал жағажай волейболынан Қазақстан командасы қараша айында өтетін Азия турларына қатысу үшін дайындықты бастайды, - дейді бас хатшы. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы