Волейбол: "Жетісу" клубы – Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы
Филиппинде өткен әйелдер командалары арасындағы Азия чемпиондар лигасында Қазақстанның "Жетісу" клубы топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Asianvolleyball.net мәліметінше, финалда олар Вьетнамның «Vtv Binh Dien Long An» командасын 3:1 есебімен (25:14, 20:25, 25:23, 25:18) жеңді.
Бұған дейін бұл турнирде Қазақстан атынан "Рахат" (Алматы), "Алтай" (Өскемен) және "Қуаныш" (Солтүстік Қазақстан облысы) клубтары чемпион атанған болатын. Осылайша, "Жетісу" еліміздің әйелдер волейболы тарихындағы үздік дәстүрді жалғастырды.
Енді талдықорғандық команда өз тарихында алғаш рет қыркүйек айында Таиландта өтетін клубтық әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
28 сәуірге арналған валюта бағамы
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы