Владислав Тен: Қазақ тілін үйренгісі келмейтіндердің сылтауы көп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Полиглот, қазақ тілі онлайн мектебінің негізін қалаушы Владислав Тен «Не әңгіме» подкастының қонағы болды.

Ол тіл мәселесіне қатысты бірқатар өзекті мәселені қозғады. 

Мемлекеттік тілді үйренгісі келмегендер көп сылтау іздейді. Қазақ тілі басқа тілдердің грамматикасына қарағанда оңай. Қазір қоғамда қазақ тілін күрделі және қазақ тілін түсіну үшін қазақ болып туылу керек деген сөздерді жиі естимін. Бұл мемлекеттік тілді үйренгісі келмегендер мен оны үйреніп жүрген ұлттарға таптырмас сылтау, - дейді маман. 
 

ПОДКАСТТЫ ТЫҢДАУ 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы