Владислав Тен: Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытамын

"Шаңырақтың" бүгінгі санына - қазақ тілін оқытушы кәріс ұлтының өкілі қонақ болды. Таныс болыңыздар: Владислав Тен.

Ташкентте туған Владиславтың әуелден-ақ тіл үйренуге қабілеті мықты болған. Орыс, өзбек, ағылшын, кәріс, қазақ тілдерін жақсы білетін ол бүгінде қазақ тілін оқытудың ерекше әдістемесін дамытып, сол арқылы көпшіліктің сұранысына ие орталық ашқан.

Менің орталығымда бес вице министр оқыды. Мәжіліс депутаттары, басқа лауазымды азаматтар көп, қазақ балалар да жеткілікті, -  дейді Владислав.

Сондай-ақ, Владислав Тен қазақ тілінің болашағына қатты сенімді.

Енді он жылда қазақ тілінің мәселесі шешіледі, қазақтың көбеюі шешеді бәрін, -  дейді мейманымыз.

Сұхбат шынайы, ерекше ойлар айтылған тамаша әңгіме болды, уақыт бөліп қарап шығыңыз!

"Шаңырақ" - түрі өзге болса, тілі қазақша азаматтармен мемлекеттік тілде сұхбат құратын, сол арқылы қоғамға ой тастауды мақсат тұтатын жоба. Жоба негізінен елге танымал азаматтармен қатар, бұған дейін қалың жұртшылыққа беймәлімдеу боп келген жастар сөйлейтін алаң болмақ, көрерменге сонысымен де тартымды болуды көздейді.

Еске салсақ, жобаның алдыңғы санындағы қонағы - өскеменнің тумасы, бастауыш режиссер, талантты жас буынның өкілі Светлана Тарасова болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы