Владимир Волков: сот реформасының негізгі басымдығы – соттарға деген сенімді арттыру

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков жұмыс сапары аясында Алматы облысының Қарасай ауданына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Парламент Сенатының мәлімдеуінше, сапар барысында сенатор әкімшілік соттың жұмысымен танысты. Сондай-ақ судьялармен кездесу өткізіп, сот төрелігінің сапасын арттыруға және кадрларды іріктеуді жақсартуға қатысты мәселелерді талқылады.

Соңғы төрт жылдың ішінде ғана заң шығарушы орган сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған 33 заң қабылдады. Сот реформасының негізгі басымдықтары соттарға деген сенімді арттыру, судьялардың жоғары кәсіби деңгейін және азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету екенін атап өткен жөн, – деді Владимир Волков.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар медиация институтын дамытуға қатысты мәселелерді, сондай-ақ сот төрелігінің сапасын одан әрі арттырудың басымдықтарына назар аударды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы