Бүгiн 2026, 12:17 Фото: Кремльдің баспасөз қызметі

Владимир Путин Қытайға ресми сапармен барады

Сапар 19-20 мамыр күндеріне жоспарланған.

Ресей президенті Владимир Путин Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 19-20 мамыр күндері Қытайға ресми сапармен барады.

Ресейлік БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, Ресей басшысының сапары мемлекетаралық қатынастар үшін негізгі құжат саналатын Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Владимир Путин мен Си Цзиньпин екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасады.

Келіссөз қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі Бірлескен мәлімдеме мен бірқатар өзге құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Сапар бағдарламасында Ресей президентінің Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен кездесуі де қарастырылған. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі талқыланады, – делінген хабарламада.