Вице-премьер: Желіде барлығы талқыланып қойған кезде баспасөз қызметі үндемей отырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардың баспасөз қызметін үйлестіру бойынша дұрыс бастама айтылғанын атап өтті. Баспасөз қызметі мемлекеттік органдардың атқарып жатқан жұмыстарын халыққа жедел жеткізу керек екенін мәлімдеді. 

Тиімді жұмыс істейтін баспасөз қызметтері де айтылды. Баспасөз қызметтері мемлекеттік органдардың атқарып жатқан жұмыстарын халыққа жедел жеткізу керек. Мәселен, бір жерде өрт туындаған кезде әлеуметтік желіде барлығы талқыланып қойған кезде баспасөз қызметі үндемей отырады. Өртті қалай сөндіру қажеттігі туралы айтып отыруы мүмкін. Осы орайда бірқатар өзгертулер енгізу қажет деп ойлаймыз, - деді Бердібек Сапарбаев. 

Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары Жастар жылына қатысты атқарылып жатқан шараларға тоқталды. 
Әрбір мемлекеттің, ұлттың болашағы  оның білімді, білікті, тәрбиелі  жастарына байланысты болады. Сондықтан, біз жастарды қолдауымыз керек. Ол былтырғы жылмен аяқталмайды. Президент Қ.Тоқаев биылғы жылды еріктілер жылы деп жариялады. Бұл жұмыс жалғасын табатын болады. Жастарды дамыту бойынша жол картасы бекітілген болатын. Оған  300 млрд-қа жуық ақша бөлінген. Жақында Үкімет отырысында да жастардың жұмыспен қамтылуы туралы айтқан болатынбыз, - деді ол. 

Оған қоса, Бердібек Сапарбаев діни ұйымдар, қоғамдық ұйымдар билікпен бірлесіп жұмыс істесе мемлекеттің дамуына оң әсерін беретінін айтты. 
Отандастарымыз бойынша айтатын болсақ, Қауымдастық өкілдерімен кездестік. Олардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдадық. Президент те бұл мәселеге ерекше көңіл бөледі. Қазір Үкімет бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Жауапсыз, ескерусіз ешкім қалмайды, - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Осыған дейін Бердібек Сапарбаев "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының қарқыны төмендеп кеткенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы