Вице-премьер рұқсат еткенімен, бас санитар соңғы қоңырау өткізуге тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында көрсетілген.
Бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов: "Аттестаттарды табыстау мен соңғы қоңырау мектептерде 3-4 маусымда ашық алаңда, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, шектеулі адамдар санымен өткізіледі", деген болатын.Алайда елорданың бас санитар дәрігердің қаулысымен қалада соңғы қоңырау өткізуге тыйым салынып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі мен білім басқармасының басшысы адамдардың қатысуына байланысты мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін балдар, кештер, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салу керек, - делінген қаулыда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтанда карантин аяқталғанша қонақ шақыруға тыйым салынады
Өзгелердің жаңалығы