Вице-премьер мемлекет азаматтардың несиесін қандай қаржы есебінен жабатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің бірінші орыбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов  президент тапсырған азаматтардың борыш жүктемесін азайту қандай қаржы есебінен жүзеге асырылатынын айтты.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ 26 маусымдағы Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары  туралы жарлығын іске асыру үшін 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы әзірленді. Онда биылғы жылдың сәуір айында түзетілген 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын сақтай отырып өзгерту ұсынылады. Бірақ 2019 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады», - дейді Әлиxан Смайылов.

Оның айтуынша, түсімдер 10 трлн 569 млрд  теңге, шығыстар 11 трлн 933 млрд теңге, тапшылық 1 трлн 365 млрд теңге көлемінде болады. 

«Президент  тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету тікелей инвестициялар қорын қоруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен іске асырылатын болады», - дейді вице-премьер.

Ол сонымен қатар, Үкімет резервін 72,9 млрд теңгеге ұлғайтуды ұсынды. Себебі, Арысты қайта қалпына келтіру үшін қаржы керек.

 «Жоба мемлекеттік резервті 72,9 млрд теңгеге ұлғайтуды ұсынады.  Осы қаражаттың бір бөлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға бағытталған болады», - деді Смайылов.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы