Вице-министр Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі
2023 жылғы 28 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ал 30 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері, жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысы талқыланады.
Вице-министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz). Сондай-ақ телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79. Азаматтарды кездесуге қатысуға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға шақырамыз, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.