Вице-министр жауабы: Қант экспортқа шығып жатыр ма?

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қажетті тауар түрлері жетіспеген жағдайда экспортқа шектеу енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, тамыздың аяғында су тапшылығына байланысты Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын. Биыл өңірде судың жетіспеушілігі мен температураның қалыптан жоғары болуына байланысты дақылдардың шығыны өткен жылмен салыстырғанда 25-30 пайызға төмен болады күтілді.

Отандық қант экспортқа шығып жатыр ма? Өздеріңізге мәлім, биыл Жамбыл облысында және басқа облыстарда су тапшылығы болды. Қант қызылшасының көбі күйіп кетті. Енді жай қалай болмақ? деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.

Біздің негізгі мақсатымыз - жергілікті халықты қантпен қамтамасыз ету. Сондықтан біз бұл мәселені жұмыс тобында қарастырамыз. Ондай шешім әлі қабылданған жоқ. Дәл қазір ол жөнінде сізге ақпарат бере алмаймын, - деп жауап берді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Сондай-ақ вице-министр қалған тауар түрлері бойынша қандай шектеулер енгізілгенін айтты.

Осы тұрғыда Қазақстанда күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды. Басқа мәслелер де қарастырылады. Айтқанымыздай, ең негізгі мәселе Қазақстан халқын жергілікті тауармен және шетелдік тауармен қамтамасыз ету. Егерде жеткіліксіз болып жатса шектеулер қоюымыз мүмкін, - деді Қайрат Төребаев.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы