Вице-министр үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ауруханалары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят мәлімдеді.
«Хабар 24» телеарнасына сұхбат берген вице-министрдің атап өтуінше, республика ауруханалары күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Бұл ретте негізгі жүктеме хирургиялық блок пен жансақтау бөліміне түсіп отыр.
Медицина қызметкерлерінің жұмысына және олардың кәсіби міндеттерін орындауына кедергі келтірмеуді өтінеміз. Сонымен қатар өлім-жітімнің және адамдардың денсаулығына ауыр нұқсан келуінің алдын алу мақсатында жедел жәрдем көліктерінің медициналық көмекті жедел көрсетуіне жәрдемдесіңіздер әрі көмектесіңіздер, - деді Ажар Ғинаят.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пойызы жүрмей қалған жолаушыларға билет құны қайтарылады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы