Вице-министр соңғы қоңырауға қатысты ескерту жасады

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова соңғы қоңырауда мұғалімдер мен директорларға сыйлық жасауға қатаң тыйым салынғанын еске салды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Сынып сағатын өткізу кезінде, аттестат тапсыру, салтанатты линейка кезінде педагогикалық этиканы сақтап, сыбайласқан заңсыздықтың алдын алу үшін ата-аналардан іс шара өткізуге, аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады және педагогтерге мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасау үшін ешбір қаражат ата-аналардан, басқа жерлерден де жинауға тыйым салынатынын қатаң түрде ескертеміз, - деді вице-министр.

Ол соңғы қоңырау шаралары қалай ұйымдастырылатынын айтты.

Соңғы қоңырау өткізілген жағдайда Оқу-ағарту министрлігі бұл іс-шараны 1 маусым - балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынды. Тағы бір айта кететін жайт, 9-11 сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. Тоғызыншы сынып бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында өткізеді. Ал 11 сынып түлектері мемлекеттік емтиханды 5-19 маусым арасында тапсырады. Аттестат тапсыру салтанаты өткізіледі. Бұл шараларды 20,21,22 маусым күндері өткізуді ұсынып отырмыз, - деді Қаринова.

Бұған дейін Қаринова келесі жылы соңғы қоңырау 25 мамырға ауыстырыла ма деген сауалға жауап берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы