"Вице-министр ретінде емес, адам ретінде айтамын" - Асхат Оразбек

Сенат кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат тарифтердің бағасы бойынша сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мен вице-министр ретінде емес, адам ретінде айтамын. Маған мобильді байланыс және интернет тарифтерінің өсуі ұнамайды, - деді ол.

Ол бұған дейін еліміздегі мобильді операторларға ескерту жасап, ұялы байланыс пен интернет бағасы өсе беретін болса, елімізде төртінші оператор кіруі мүмкін екенін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы