Вице-министр "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билет құнына қатысты жауап берді
Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері қоғамда қызу талқыланып жатыр. Кейбір санаттағы билеттердің бағасы 250 мың теңгеге дейін жетеді. Қазақстанның Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, баға - нарықтық тетіктерге байланысты қойылады.
Бұл – нарық. Жанкүйерлер бар, олар бағаға қарамай билет алады. Себебі олар осынысымен өмір сүреді. Менің ойымша, адамның мүмкіндігі болса, ол билетті сатып алады, – деді Азамат Әмрин Сенаттың кулуарында өткен брифингте.
Сонымен қатар ол Қазақстандағы стадиондардың жағдайына қатысты сұраққа жауап берді.
Біздің барлық стадиондар халықаралық стандарттарға сай. Егер талаптарға сәйкес келмесе, бұл матч мүлдем өтпес еді. Мұндай ойындар алдында барлық талаптарға сәйкестік міндетті түрде тексеріледі, – деп атап өтті бірінші вице-министр.
Журналистердің ойын нәтижесіне қатысты қойған сұрағына ол:
Күтейік, нәтижесін көреміз. Білесіздер ғой, кейде әрқашан ғажайып болуы мүмкін, – деп жауап берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы