Вице-министр халықтың берешегі қандай салық түрінен көп екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов жеке тұлғалардың салықтық берешегінің ең көп сомасы көлік салығына тиесілі екенін айтты.
Жеке тұлғалардың бересілерінің ең көп сомасы көлік құралдарына салынатын салыққа - бұл 10,1 млрд теңге немесе жалпы соманың 73% құрайды. Мүлік салығы бойынша бересі сомасы 1,6 млрд теңгені немесе 11,5% - ды, жеке табыс салығы бойынша - 1,2 млрд теңгені немесе 8,6% - ды және жер салығы бойынша - 617 млн теңгені немесе 4,3% - ды құрады, - деп мәлімдеді вице-министр.Өздеріңізге мәлім, тамыз айында Қаржы министрлігі жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жариялаған болатын. Бұл азаматтарға өткен жылдардағы салық міндеттемелері бойынша негізгі борыш сомасын төлеуге мүмкіндік берді.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық берешегі бар жеке тұлғалардың саны 1,4 млн адамды құрады, олардың негізгі қарыз бойынша 13,9 млрд теңге және есептелген өсімақы 6,3 млрд теңге болды, - деп мәлімдеді Берік Шолпанқұлов.
Оның айтуынша, түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша 672 530 жеке тұлға 14,6 млрд теңге көлемінде өз қарызын төлеген. Олар үшін 2,8 млрд теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
45 мыңға жуық кәсіпкерге салықтық рақымшылық жасалған
Өзгелердің жаңалығы