Вице-министр ғылым саласына қалай келгенін айтып, оқушыларды жігерлендірді
Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасының ашылу рәсімінде Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ғылым саласына қалай келгенін айтып, оқушыларды жігерлендірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министр Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы қатысушыларын Ғылым және жоғары білім министрлігі атынан қарсы алғанына қуанышты екенін жеткізді.
Олимпиада сіздердің (қатысушылардың – ред.) өмірлеріңізде өте маңызды рөл атқарады. Өйткені мен де биологиядан олимпиадаға қатысқанмын. Барлық кезеңнен, атап айтқанда, аудандық, республикалық, халықаралық кезеңдерден өттім. 1999 жылы биологиядан халықаралық олимпиадада қола медаль иегері атандым. Сөйтіп олимпиада менің болашаққа билетім болды, - деп Ерғалиев жарыс қатысушыларымен өз тәжірибесін бөлісті.
Сөзінше, 1999 жылы вице-министр Швециядан өткен International Biology Olympiad-қа қатысқан.
Осы жерде барлық командамен таныстық. Өте қызықты жай болды. Украина қатысушы Юлия Седниковамен сөйлескенімде ол маған «Қуаныш, қарашы. Болашақта біз осы жерде жұмыс істейміз. Ғылыммен айналысамыз. Швециядағы Уппсала қаласында танымал Карл Линней есімді ғалым жұмыс істеген. Ол өсімдік әлемінің жіктемесін жасаған. Кейін біз (Юлиямен – ред.) 20 жылдан кейін Бостон қаласында Ғылым орталығында кездестік. Ол ол кезде Гарвард университетінде докторантурада оқып жүрген едім. Бір қызығы, мен оның сөзі нені білдіруі мүмкін деп ойладым. Кейбіреулеріңіз бұл тағдыр деп айтуларыңыз мүмкін. Бірақ тағдыр неге байланысты? Біз бір күні, бір сәтті жақсы таңдау жасадық. Ғылымды, білімді таңдадық. Ал осындай таңдау жасағандар міндетті түрде табысқа қол жеткізе алады, - деді вице-министр.
Қуаныш Ерғалиев олимпиада қатысушыларына олардың дұрыс таңдау жасағанын айтып, жеңіс тіледі.
Бүгін елордада Халықаралық 57-ші Менделеев олимпиадасы басталды. Жарыс 6 мамырға дейін жалғасады.