Вице-министр: Еліміз медициналық-әлеуметтік кадрларды дамытуға ерекше назар аударады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ЭЫДҰ Бас директорының, ЭЫДҰ-ға мүше елдер вице-премьерлерінің, денсаулық сақтау министрлері мен вице-министрлерінің және бақылаушылардың қатысуымен өткен министрліктің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау саласындағы қауіп-қатерлерге тез жауап бере алатын күшті және тұрақты денсаулық сақтау жүйелерінің маңыздылығын атап өтті. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек елдерге жаңа сын-тегеуріндерді еңсеру, денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу, халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету, профилактикалық шараларды өткізу бойынша шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік берді, - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Ол елімізде МСАК-ты күшейту бойынша қабылданған шараларға тоқталды. Бұл бастапқы деңгейде медициналық тиімділікті арттыруға мүмкіндік берді.

Оның айтуынша, МСАК деңгейінде емханадан бастап стационарға дейін емдеудің барлық кезеңдерінде көрсетілетін медициналық көмектің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ететін, бас буын ретінде жалпы практика дәрігерін, мейіргерлерді, әлеуметтік қызметкерді және психологты қамтитын мультидисциплинарлық командалар енгізілді және табысты жұмыс істейді.

Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін медициналық және медициналық-әлеуметтік кадрларды дамытуға ерекше назар аударады.

Осы мақсатта, ол атап өткендей, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жүргізілуде, медицина қызметкерлерін оқытуға арналған гранттар саны ұлғаюда, әлеуметтік кепілдіктер берілуде, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі туралы заң әзірленіп жатқаны белгілі.

Осыған байланысты біз елдерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі елдер коалициясын құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырамыз, - деп түйіндеді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы