Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі ай қамауда болады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Олжас Әбішевке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - делінген хабарламада.

Әбішевтің Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің ұсталғаны туралы кеше, 2 тамызда белгілі болды. Ол бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке алынып отыр. 

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Олжас Әбішевтің өткен аптада өз еркімен жұмыстан босатуға өтініш бергенін айтқан болатын 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы