Вице-министр түбіртек бермейтін дәріханаларға қандай жаза қолданылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы түбіртек бермейтін дәріханаларға қандай жаза қолданылатынын айтты.
Дәріханалардан түбіртекті алған дұрыс. Бүгінгі таңда алып-сатарлық фактілері бар. Ондай фактілер кездессе,комитеттің аумақтық департаменті мен өзге тиісті органдарға хабарлауға болады. Адамдардың шағымдары нәтижесінде, біз ондай жерлерге тексеру жүргізе аламыз. Заңды бұзғаны үшін, ондай адамдарға 70-тен 1000 АЕК-ге айыппұл салынады. Ондай әрекеттерді тексеріп, халық алдында әшкерелеуге мүмкндік бар, - деді ол.
Сондай-ақ, Ғиниятқызы бүгінгі таңда министрлік медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша өңірлерге көмек көрсетіп жатқанын айтты.
Бүгінде бүкіл ел коронавирус инфециясына жұмыс істеп жатыр. Алайда министрлік қызметкерлерінің инфекциялық ауруханаларда жұмыс істеуіне рұқсат беретін арнайы сертификаты жоқ. Сонымен қатар, қазір перзентханаларда босану орындары КВИ және өзге диагноз бойынша бөлінген. Осындай күрделі жағдайда, әрине, жұмыс істеп жатыр, - деді ол.