Вице-министр: Банктерді торуылдаған халық азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов халыққа төленіп жатқан әлеуметтік жәрдемақы туралы онлайн дөңгелек үстел барысында айтты.

Үкімет ұйымдастырып отырған әлеуметтік жәрдемақы қазақстандықтардың жағдайына байланысты төленіп отыр. Бұл жайлы қазіргі таңда көптеген ақпарат таралып жүр. Біз өз тарапымызға жүктелген барлық міндетті орындап жатырмыз. Биылғы жылы 4 млн тұрғын белгіленген зейнетақы мен мемлкеттік жәрдемақы алды. Президентіміздің жүктеген тапсырмаларын орындап жатырмыз. Солардың ішінде жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасын айта кеткен жөн. Бұл бағдарлама аясында 6 мың жоба іске асырылды. Алдағы уақытта 250 мың адам жұмыспен қамтылатын болады, - деді вице-министр. 

Сонымен қатар, вице-министр қазіргі таңда қанша қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақыны алғанын атап өтті.  

Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - "42 500 теңге" болып отырғанын анық көріп отырмыз. Осындай қысқа мерзім ішінде көрсетілген ақпараттық жүйелер арқылы 8 миллионға жуық қазақстандық өтінім беріп үлгерді. Оның ішінде 3 млн адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Бұл жұмыстар әлі де қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұрынғыдай банктерді торуылдаған халық азайды. Барлығы үйлерінде онлайн түрде өтінім беруде, - деді Ақмади Сарбасов. 

Дөңгелек үстел барысында вице-министр осы уақытқа дейін 1 млн 126 мың жағдайы төмен адам азық-түлік пен тұрмысына қажетті заттармен қамтамасыз етілгендігін айта кетті. 

Бұл санаттағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайын анықтап, тізім бойынша тұрмысқа қажетті заттар берілді, - деді спикер. 

Сонымен қатар, вице-министр бұл әлеуметтік жәрдемақыны төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалғандар, жеке кәсіпкерлер және де жұмысынан айырылған тұрғындар ғана алатынын тағы да бір ескертті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы