Вице-министр ауыл халқымен кездесті
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Атырау облысына келді. Іссапар барысында ол Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылының тұрғындарымен кездесті.
Вице-министр ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуы және әлеуметтік-мәдени дамудағы басты бағыттары туралы айтып берді.
Сонымен қатар вице-министр Сарайшық музей-қорығын да аралап шықты. Бұл қазақ мемлекетінің мақтанышы, мәдени -тарихи маңызы зор нысанды сақтап қалу керектігін айтты.
«Іссапарымыздың негізі мақсаты – халықпен кері байланыс орнату, аймақтарда мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқандығын білу. Біз күткен нәтижеге қол жетті ме – соны білгіміз келді. Бұл мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін бағдарламаларды жетілдіру үшін қажет. Сондай-ақ, біз облыс орталығында жастармен кездесеміз, «Иманғали» орталық мешітіне баруды да жоспарлап отырмыз және аймақтағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен де танысамыз»,- дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин.