Вице-министр әлемжеліде сайлауға байланысты үгіт жүргізу туралы түсіндірді

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов биыл сайлау алдындағы үгіт онлайн платформалар арқылы да жүргізілетініне байланысты түсіндіру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Ол Ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес Facebook, Instagram, Telegram, YouTube және басқа да әлеуметтік желілер онлайн платформа ретінде қарастырылатынын айтты. 

Онлайн платформа субъекті ретінде онлайн платформада жеке беттері бар ҚР тұлғаларын қарайтын болады. Ресми медиа аккаунттар онлайн платформа пайдаланушылары ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда БАҚ төлем мөлшерін және олардың шоттарын орналастыру шарттарын жариялап, бес күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына немесе аумақтық сайлау комиссияларына мәліметтер беруі керек еді, - деді ол. 

Сондай-ақ вице-министр онлайн платформаны пайдаланушылар уәкілетті органдар ретінде есепке алынбайтынын мәлімдеді және азаматтық пікір білдіруге шектеу қойылмайды. 

Егерде кез келген азамат өзінің азаматтық пікірін онлайн платформада жарияласа, біз оны жеке азаматтық пікірі деп есептейміз және мониторингке алмаймыз, осыны ескеру керек. Онлайн платформада барлық басқа пайдаланушылар қаржысын талап етпейтін сайлау алдындағы үгіт жүргізудің конституциялық құқығы сақталады, - деді вице-министр.  

Айта кетейік, саяси партиялар өздерінің ресми аккаунттарда үгіт-насихат материалдарын орналастыруына шектеу жоқ.              

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: kaz.nur.kz
Өзгелердің жаңалығы