Вирусты жұқтырған 21 науқастың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың 60%-ында ауру жеңіл және симптомсыз түрде өтіп жатыр, 13%-ында орташа ауырлық дәрежесі белгіленген, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
21 науқастың жағдайы ауыр, 6 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. COVID-19 елімізде анықталған сәттен бастап қайтыс болған 19 адамның созылмалы аурулары болды. Инфекция ошақтарында 39 585 байланыста болған адам анықталды, олардың 98%-ы табылып, оқшауланды. Жалпы, Қазақстан бойынша вирусты жұқтыру өсімі апта ішінде 10% шамасында құбылып тұрды, өткен тәулікте өсім 8%-ды құрады, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы блок-бекеттерден фоторепортаж
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы