Вирусты қайта жұқтырғаннан соң әлемдегі алғашқы өлім Нидерландыда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусты қайта жұқтырудан әлемдегі алғашқы өлім тіркелді, деп хабарлайды Bnonews.

Зерттеушілер дүйсенбіде Нидерландыда егде жастағы әйел COVID-19 инфекциясын екінші рет жұқтырғаннан кейін қайтыс болды деп мәлімдеді. Бұл коронавирусты қайта жұқтырудан соң тіркелген алғашқы өлім екендігін жазды басылым.

Науқас 89 жастағы әйел болған, ол қатерлі ісік ауруымен емделген. Шілде айында ол ауруханаға жеткізіліп, коронавирусқа оң нәтиже берді. Бес күннен кейін ол инфекция белгілерінен айыққан соң жазылған.

Екі айға жуық уақыт өткеннен кейін, жаңа химиялық терапия курсын бастағаннан екі-ақ күн өткен соң, оның температурасы көтеріліп, жөтеліп, ентігу пайда болды. Ауруханаға түскен кезде оның оттегімен қанықтылығы 90 пайызды, тыныс алу жылдамдығы минутына 40 тынысты құрады. Ол тағы да коронавирусқа оң нәтиже берді, ал антиденелердің сынақтары төртінші және алтыншы күндері теріс болды. Сегізінші күні науқастың жағдайы нашарлады. Ол екі аптадан кейін қайтыс болды, - дейді зерттеушілер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы