Қытайдағы қауіпті вирустан үшінші адам көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ.  Қытайдың Ухань қаласында тарап жатқан коронавирустан үш адам өлді. Бұл туралы сол елдің денсаулық сақтау жөніндегі комитеті хабарлады.

Дәрігерлердің мәліметінше, 18 қаңтар күні вирусты жаңадан жұқтырған 59 жағдай тіркелген, ал 19 қаңтар күні тағы 77 адамның жұқтырғаны белгілі болған. Қауіпті індетті жұқтырған адамдар саны 198 жетіп отыр.

Сондай-ақ қауіпті індетті жұқтырғандардың 66-сы ер адам, 70-сі әйел. Ең жас науқастың жасы 25-те болса, жасы үлкені 89-да.

Вирусты жұқтырғандардың алдымен ыстығы көтеріліп, жөтеліп кеуде қуысы қысқан.

17 қаңтар күні коронавирустан екінші адамның көз жұмғаны белгілі болды, алғашқы науқас 11 қаңтарда бақилық болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы