Вирусқа байланысты Жапония өндіріс көлемін қысқарта бастады

Коронавирустың жаңа толқынына байланысты Жапонияның көптеген компаниясы өндіріс көлемін қысқарта бастады.

Мәселен, КейЭфСи Холдингс Джэпан ((KFC Holdings Japan)) өзінің бірнеше мейрамханасын жабатын болды. Ал «Субару» вирус таралуына жол бермеу мақсатында түскі ас уақытын бірнеше интервалға бөлген.

Бұдан бөлек күншығыс елінде ондаған пойыз рейсі кейінге қалды. Пошта бөлімшелері жабылды.

Қазіргі уақытта елде BA.5. вирус белең алып тұр. Ол өте жұқпалы әрі алдыңғы нұсқаларға қарағанда жылдам тарайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы