Вирусологтар коронавирус таралуының жасырын әдісін тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Огайо штаты университетінің дәрігерлері коронавирустың антиденелерден жасырынуын зерттеді. Бұл туралы білім ордасының сайтында жарияланған.

Дәрігерлердің айтуынша, SARS-CoV-2 антиденелерді айналып өтуді үйренген. Ағзаны жұқтыру үшін ол алдымен вирустық бөлшектердің бөлінуін шектейді, жасуша қабырғаларының ішінде қалып, олардың арасында таралады. 

Бұл жұқтырудың астыртын түрі. COVID-19 жасушадан жасушаға тиімді тарай алады, өйткені иесінің иммунитеті оны әрең бұғаттайды, - деді вирусолог Шан-Лу Лю.

Дәрігерлер вирус жасушалар арқылы тараған кезде антиденелердің тиімділігі төмендейді деген қорытындыға келді. Сонымен қатар 2003 жылы SARS індетін тудырған SARS-CoV-мен салыстырғанда SARS-CoV-2 мақсатты жасуша мембранасымен бірігуді бастауы мүмкін деп санайды. 

Бұл күшті біріктіру вирустың жасушадан жасушаға берілуінің жоғарылауымен байланысты, - деп түсіндірді ғалымдар.

Бұған дейін британдық ғалымдар төтенше жағдайлар жөніндегі ғылыми-консультациялық топтың мамандары коронавирустық пандемия уақытын анықтаған болатын. Олардың пікірінше, COVID-19 кем дегенде 2026 жылға дейін қауіпті болады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы