Вирусолог: Вакциананың екінші компонентін алмағандардың иммунитеті әлсіз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинаның бір ғана компонентімен шектелгендердің иммунитеті әлсіздеу болады. Бұл туралы вирусолог дәрігер Алексей Аграновский Sputnik радиосында хабарлады.
Кейбір адамдар коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып, екіншісінен бас тартып жатады. Бұл эпидемиология тұрғысынан дұрыс емес. Бір ғана компонентті салдырса, иммунитет әлсіздеу болады, - деді ММУ биология факультеті вирусология кафедрасының профессоры.
Маман вакцинанцияны толық аяқтамағандар инфекцияны жұқтыруға бейім және олар үшін «дельта» штамының қауіптілігі жоғары екенін айтты.
Не үшін екі рет екпе алу керек? Вакцина Ухань қаласында пайда болған жаңа штамм үшін жасалды, бірақ кейін «дельта» штамы пайда болды. «Спутник V» вакцинасының бастапқы штамға қарсы тиімділігі 90 пайыз және одан да көп пайызды құрады. Ал дельтаға тиімділігі 80 пайыз. Бұл бәрібір де көп. Мұның бәрі жұмыс істеу үшін схема бойынша вакцина салдыру қажет, - деді Аграновский.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов өмірден озды
Өзгелердің жаңалығы