Вирус шашады деп тарап жатқан ақпарат жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар WhatsApp-та 7-8 тамызда «вирус шашатындықтан» далаға шықпауға шақыратын хабарлама таратуда. Бұл фейк ақпарат деп хабарлайды stopfake.kz.
Хабарлама авторы «аурухана қызметкерлерінің» айтқанына сүйенеді. Олар стационарларда ауру жұқтырған науқастардың жаппай түсуіне әзірленіп, оттегі баллондарын дайындап жатыр екен.10-11 тамызда адамдар ауруханаларға көптеп түседі, терезелерді жауып, шыдаңыздар. Таныстарыңызға айтыңыз. Барлығы жоспарланған. Әлсіздер өліп кетеді, – делінген мәтінде.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.
Бұл – фейк. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, мекемедегілер Қазақстанда жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жекпе-жек соңында ұттым деп ойладым – Сәкен Бибосынов
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы