Вирус неге мутацияға ұшырайды? – Инфекционист жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы инфекционист дәрігер Эльмира Әдішева хабарлады. Оның айтуынша, коронавирус – 43 түрден тұратын РНҚ-құрамдас вирустар тобы.
Адамзат тарихында коронавирус инфекциясының «альфа», «бета» және «дельта» штамдары болды. Соңғы дельта штамм ауыр ағымға әкеліп соғатын, инкубациялық кезеңі өте қысқа және көбіне жастарға жұғатын вирус екенін білдік. Ал «омикрон» штамының көптеген өзгешелігі бар. Оның мутациясының бір бөлігі «дельта» және «бета» штамдарының мутациясына ұқсас, - деп атап өтті инфекционист дәрігер.
Сонымен қатар дәрігер вирустың жаңа штамының неліктен мутацияға ұшырап жатқанына тоқталды.
Ғалымдар вирустың өзгеше мутацияға ұшыраған жаңа штамының пайда болуы – иммунитет тапшылығы бар (АИТВ инфекциясы бар науқаста, ЖИТС сатысында) пациенттің организміндегі асқынып кеткен аурудың салдары. Ондай жағдайда вирус бірнеше ай мутацияға ұшырауы мүмкін. Осы кезеңде вирус Sars-CoV-2-нің бұған дейін белгілі болған штамдарымен салыстырғанда, адам организміндегі иммундық қорғанысқа төтеп бере алатындай деңгейге жетеді, - деді Эльмира Әдішева.
Еске сала кетейік, бұған дейін қанша елорда тұрғынының коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырғаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Ақылбек Жапаровты қабылдады
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы