Вирустық ауруларға төтеп беру үшін қандай дәрумендер қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күзде вирустық ауруларға төтеп беру үшін ағзаға қандай дәрумендер қажет? Ресейлік иммунолог Марина Аплетаева үш түрлі дәруменді атады. 

Бұл туралы politros.com жазды.

Диетолог-иммунологтың айтуынша, маусымдық аурудан қорғану үшін бета-каротин, А және С дәрумендерінің маңызы зор.

Күзде қызғылт сары түсті жемістерді тұтынған дұрыс. Олар – өрік, сәбіз, қауын мен шабдалы. Ал асқабақта А дәрумені көп. Ол тыныс жолдарын вирустар мен бактериялардан қорғайды. Бұл дәрумен сүт өнімдерінде де мол. Алайда, оның майлылығын ескеру қажет, - дейді иммунолог.

Одан бөлек, С дәруменінің де маңызы зор екен. 

С дәрумені бар өнімдер де маңызды. Бұл дәруменді ағзада жинау оңай емес, десе де ол иммунитетті жақсы көтереді. Одан бөлек, бұл дәрумен жақсы антиоксидант бола алады. Ол ағзалардың жасушаларын зақымдалудан қорғайды, - дейді диетолог.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы