Бүкіл әлемді шошытқан вирус АҚШ-қа да жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та коронавирустың жаңа типіне шалдыққан адам тіркелді.
Бұл туралы The Washington Post-қа сілтеме жасай отырып, РИА Новости хабарлады.
Рейтер ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл деректі Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының баспасөз хатшысы растады.
АҚШ-тың солтүстік-батысында орналасқан Вашингтон штатының тұрғынынан аталмыш аурудың белгілері байқалған. Оның жағдайы тұрақты. Денсаулық сақтау федералдық қызметі ең үлкен америкалық әуежайлардан келіп жатқан жолаушыларды тексермес бұрын ол Қытайға барып, еліне қайтып оралған көірнеді, - делінген хабарламада.
Бұған дейін АҚШ үкіметі коронавирусқа шалдыққан тұрғындары бар Қытайдың Ухань қаласында үш әуежайдан келіп жатқан жолаушыларды тексере бастайтынын хабарлаған болатын. Атап айтқанда, Нью-Йорк қаласындағы Кеннеди атындағы әуежай және Сан-Франциско мен Лос-Анджелес қалаларындағы әуежайлар.
Желтоқсан айының соңында Қытай үкіметі Ухань қаласында шығу тегі белгісіз пневмония ауруының таралып жатқанын мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа типі - 2019-nCoV екені белгілі болды.
21 қаңтардағы жағдай бойынша елде ауруға шалдыққан 319 адам тіркелді, оның 270-сі Хубэй провинциясында, 10 - Пекинде, 17 - Гуандун провинциясында, 6 - Шанхайда, бесеуі - Чжэцзян провинциясында, екеуі - Тяньцзинь қаласында, бесеуі - Чуньцинде, Хунань, Сычуань, Шаньдун, Тайван қалаларында бір жағдайдан тіркелген. 6 адам көз жұмды.
Қауіпті вирус Қытайдан басқа елдерге де таралып жатыр. Олардың ішінде Оңтүстік Корея, Япония, Таиланд бар. Қытай үкіметі вирустың адамнан адамға жұғатынын ресми түрде растады.
Айта кетейік, Қазақстанда жаңа коронавирусты анықтай алатын тест әзірленетіні мәлім болды.