«Виртуалды қойма» модулін қолдану кеңейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Виртуалды қойма» модулі тауарларының тізбесіне дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды және құрамында алтын бар тауарлар бойынша СЭҚ ТН 12 коды енгізілді.
Аталған бұйрық электрондық шот-фактураларды жазып беру арқылы Виртуалды қоймамен жұмыс істеудің қолданыстағы тетігін қолдануға негізделген және халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғау мақсатында, сондай-ақ алтын/құрамында алтыны бар кенді өндіруді бақылауды күшейту және оның көлеңкелі айналымын азайту жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында дәрі-дәрмектер айналымының, баға белгілеудің мемлекеттік мониторингін қамтамасыз ету үшін әзірленген, - делінген хабарламада.«Виртуалды қойма» модулі тауарларының тізбесіне дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды және құрамында алтын бар тауарлар бойынша СЭҚ ТН 12 коды енгізілді.
Жоғарыда аталған тауар топтары үшін «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттеме 2020 жылғы 1 қазаннан басталады.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2020 жылғы 17 қыркүйекте бұйрық ҚР НҚА эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жарияланды.
2020 жылғы 28 қыркүйекте бұйрық күшіне енеді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып беру ЭШФ АЖ порталында тегін ұсынылады.
«Виртуалды қойма» модулі арқылы ЭШФ жазып беру бойынша техникалық функционал, ЭШФ АЖ-мен жұмыс істеу кезінде қадамдық іс-қимылдар келтірілген Пайдаланушы нұсқаулығы, сондай-ақ техникалық құжаттар ҚР ҚМ МКК сайтының «ЭШФ АЖ» бөлімінде орналастырылған.