Қарағандыда музейлерге виртуалды экскурсия жасауға болады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 16 наурызда еліміз төтенше жағдай режиміне көшкелі бері облыстағы мұражайлар мен көрмелер жұмысын тоқтатқан болатын. 

Дегенменде, ертеңнен бастап өнер сүйер қауым көрмені үйден тамашалай алады. Музейлер көрмеге виртуалды экскурсия жасауға шақырады.

Қарағанды облысындағы мұражайлардың есігі көрермендер үшін жабық, көрмелер кейінге шегерілген. Дегенменде, музейлер жаңашылдық ойлап табуда. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері Назерке Жартынның айтуынша, музейдің ресми парақшасында Наурыз мерекесіне арналған көрмеге виртуалды экскурсия жасау мүмкіндігі пайда болады.

Ертеңнен бастап барлық өнер сүйер қауымды Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің Ұлыстың ұлы күні—Наурыз мерекесіне арналған "Наурыз—көктем мерекесі" атты виртуалды экскурсиясына шақырамыз. Виртуалды экскурсияны мұражайдың ресми сайтынан және Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымыздан тамашалауға болады, - дейді Назерке Жартын.
Оның айтуынша, виртуалды экскурсиялар Қарағанды мен оның серіктес қалаларындағы басқа мұражайларда ұйымдастырылмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы