Винокуровтың балалары веложарыстарда СҚО-ның намысын қорғап жүр

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандық атақты велошабандоз, Олимпиада чемпионы, «Astana Qazaqstan Team» командасының бас менеджері Александр Винокуровпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің мәлімдеуінше, Александр Николаевич Қазақстанда велоспорттың дамуы мен танымал болуына зор үлес қосуда. Оның ұлдары Алекс пен Николя Винокуровтар да әке жолын таңдап, бүгінде веложарыстарда облыстың намысын қорғап жүр.

Николя Винокуров 23 жасқа дейінгі топтық жарыста Қазақстанның екі дүркін чемпионы және жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері.



Солтүстікқазақстандық велошабандоздардан құралған «Vino SKO Team» континенттік командасы республикалық және халықаралық веложарыстарға қатысып жүр.

Тағы бір атақты велоспортшымыз Алексей Луценко биыл жазда Парижде өтетін Олимпиадада бақ сынамақ. Алексейге Александр Винокуровтың ерлігін қайталап, Олимпиада чемпионы болуын тілейміз!, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы