VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейтінін хабарлаған болатын.

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам қайраткерлері мен басқа да азаматтар қатысып отыр. 

Парламенттің бірлескен палаталарының отырысы республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетіліп жатқанын айта кетейік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: parlam.kz
Өзгелердің жаңалығы