Вице-министрлер «Sputnik V» вакцинасын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 ақпаннан, яғни бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды.

Ресей Федерациясында өндірілген «Sputnik V» вакцинасымен Қазақстан халқын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды.


Вакцинаны алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алды.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері вакцинаны елордадағы №6 қалалық емханада алып жатыр.


Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда халықты ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталатыны хабарланған болатын.

«Sputnik V» вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға 22 мың доза мөлшерінде кеше жеткізілді. Сондай-ақ, вакцина барлық аймаққа жеткізілетін болады.


Вакцинаны тек Қазақстан Республикасының ересек азаматтары ала алады.  

Айта кетейік, КВИ-ге қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін 6 миллионға жуық адамды қамти отырып жалғасады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы