Вице-министр статистиканы бұрмалаған медицина қызметкерлері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы өткен брифингте айтты.

Медицина қызметкерлері мен дәрігерлердің статистика мәліметтерін неге бұрмалағаны анықталды. Өңірлерден бізге жылдық есептер берілді. Комиссия ондай жағдайларды зерттеді. Комиссия барлық зерттеуде коронавирус инфекциясы екені көрсетілсе де, есепке пневмония деп кеткен кездерді анықтады. Дәрігерлер комиссиялық тұрғыда өздері қарап, қайта есептеуді жүргізді, - деді ол.

Ажар Ғиният айтқандай, өткен жылы жазда барлық дәрігер жұмыс істеді.

Онда инфекциялық дәрігерлер, ОСМС дәрігерлері жұмыс істеді. Онымен медицина ұйымдарының әкімшілігі де жұмыс істеді. Біз статистикалық мәліметтер сәйкес келмеген жағдайларда Денсаулық сақтау министрлігіне медицина қызметкерлерін жазалау бойынша бұйрықты көрсеттік. Бірақ министрліктің қызметі жазалау ғана емес, оларды үйрету. Сондықтан біз ауқымды семинарлар мен вебинарлар жүргіздік, - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік статистикамен бірлесіп, халық тіркелген регистрді барлық медицина ұйымының қолдануы қаралатынын айтты.

Барлық статистика туралы мәлімет сонда тіркеледі. Жоспар аясында заңнамаға өзгерту енгізіледі, - деді ол.

Айта кетейік, Қайдарова басқаратын онкологиялық институтқа бұзушылықтар жасағаны үшін айыппұл салынғаны анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы