Вице-министр биыл ішкі сауданы қалай дамытатындарын айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2021 жылға арналған ішкі сауданы дамыту міндеттерін атап өтті. 

Министрлік инфрақұрылым түрінде Ұлттық тауар өткізу жүйесін – көтерме-тарату орталықтарының желісін қалыптастыруды көздеп отыр, 24 КТО (ред. – көтерме-тауар орталығы) салу жоспарлануда, - деді ол.

Ұлттық тауар өткізу жүйесінің инфрақұрылымы 2,1 млн тоннадан астам тауарды, оның ішінде жеміс-көкөніс өнімдерін – 625 мың тонна, ет, балық, тауық етін – 300 мың тонна, бакалея – 700 мың тонна, өзгелерін – 520 мың тонна қабылдауды, сақтауды және ауыстырып тиеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. КТО номенклатурасы 20 мыңнан астам өнім атауын құрайды.

Тауарларды таратудың аталған жүйесі өндірушілерге сату нарықтарына «алқаптан - сөреге», ал тұтынушыларға сапалы өнімдерге еркін қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Биыл Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстарында 7 КТО құрылысын бастау жоспарлануда, - деді Қазанбаев онлайн отырыста.

КТО құрылысы жобасын іске асыруды 2021 жылы бастап, 2024 жылы 3 кезеңде аяқтау жоспарланып отыр: бірінші кезеңде 7 объект: 4 сақтау КТО және 3 тарату КТО. Екінші кезеңде, 2020 жылдың 5 қазанында басталған 7 объекті: 4 қойма КТО, 1 тарату КТО және 2 сауда КТО. Бастамалаудың жоспарланған мерзімі – 2021 жылғы көктем, үшінші кезеңде 10 объект: 7 қойма КТО, 1 тарату КТО және 2 сауда КТО. Бастаманы іске асырудың жоспарланған мерзімі – 2021 жылғы күз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы