Вице-министр Берік Қамалиев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іссапар барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев автожол жобаларының іске асырылу барысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы облысы агломерациясының көлік моделін әзірлеу мәселелері жөніндегі кеңестің жұмысына қатысты.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Вице-министр барған алғашқы нысан ҮАААЖ құрылысының жобасы болды. Оны «Алсим Аларко-Макйол – СК-Корея Экперессвэй» түрік-корей консорциумы жүзеге асыруда. Бүгінде жұмыстардың 40%-ы орындалған. Сондай-ақ учаскеде жергілікті тұрғындардың жолға қолжетімділігі мәселелері талқыланды. Вице-министр оларды уақытылы шешу жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Концессионердің айтуынша, жол құрылысын 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек іссапар аясында Берік Қамалиев Ұлттық экономика министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, әкімдіктердің, Дүниежүзілік банктің және Алматы қаласын дамыту орталығының өкілдерімен бірлесіп, қала мен облыстың агломерациясының көлік моделін әзірлеу мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.

Модель көлік ағындарын құру және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар кешенін қамтиды. Сондай-ақ жоспарлау-жолаушылар ағыны болжамдарының дәлдігін арттыру бөлігінде қала мен облыс деректерін табысты интеграциялау үшін қажет. Агломерацияларды әзірлеу бойынша сарапшылардың баяндамалары тыңдалды.

Вице-министр, сондай-ақ, Алтын Орда базары ауданындағы автожолдың күрделі жөндеу жұмыстарының орындалу барысын тексерді. Жұмыстарды медрігер ұйым «Сине Мидас Строй» жүзеге асырып жатыр. Жөндеуден кейін жолдың жүріс бөлігі 8-10 қозғалыс жолағына дейін кеңеймек. Айта кету керек, «Таға» түріндегі бұрылу эстакадасының құрылысы аяқталған. Қысқа мерзімге қарамастан, мердігер ұйым жұмысты сапалы орындауға уәдесін беріп отыр. Ұзындығы 600 метр болатын эстакаданың құрылысы толықтай қазан айының соңына дейін аяқталмақ.

Бұдан бөлек Берік Қамалиев «Шамалған станциясының айналма жолын» реконструкциялау нысанын қарап шықты. Құрылыс-монтаждау жұмыстары «Тодини Коструциони Дженерали С.п.А.» АҚ/ «БК «Сине Мидас Строй» ЖШС консорциумымен іске асырылуда. Бүгінде мердігер компаниялар теміржолдар мен жергілікті автожолдар арқылы эстакада құрылысын жүргізуде. Жалпы жоба аясында эстакада, жол өтпесі және ауылшаруашылық техникасының өтуі үшін көпір салумен I-б техникалық санаттағы айналма автожолын салу көзделген. Жобаны аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр.

Вице-министр барған тағы бір нысан Достық стансасы болды. Онда Берік Қамалиев жергілікті атқарушы органдар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, жеке жүк жөнелтушілер өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді. Достық – Мойынты учаскесін модернизациялау, жүк пойыздарын қабылдау және беру, сондай-ақ ҚХР бағытындағы жүктерді тапсыру мәселелері қаралды. Жыл басынан бері қос ел арасында жүк тасымалдау оң динамиканы көрсетті: т/ж - 14,4 млн тонна, контейнерлік тасымалдау - 579 мың ЖФЭ.

Сонымен қатар вице-министр Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысымен танысты. Жобаны аяқтау 2022 жылға көзделіп отыр. Реконструкциядан кейін әуежай қазақстандық әуе компаниялары пайдаланатын орташа магистральды реактивті әуе кемелерін қабылдай алады.

Жұмыс сапарының соңында ұзындығы 768 шақырым болатын «Талдықорған – Өскемен» тас жолын реконструкциялау учаскелеріне тексеру жүргізілді. Жұмысты СИТИК, К-Дорстрой және Тодини компаниялары орындап жатыр. Бүгінде мұнда толық ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Берік Қамалиев мердігерлік ұйымдарға жыл соңына дейін учаскелердің барлық бойында қозғалыстың ашылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы